Алматы дәрігерлері инсультті емдеудің жаңа әдісімен танысты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда №7 қалалық клиникалық  аурухана базасында «Церебралды ангионеврологияның өзекті мәселелері» атты ғылыми практикалық конференция өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат  тілшісі.

Жиын аясында невролог мамандар шетелдік қонақ, Ресей медициналық ғылым академиясының академигі, профессор Александр Скоромецтің шеберлік сағатын тыңдады. Шетелдік маман қала дәрігерлерін инсульт сияқты ауыр дертті анықтау мен емдеу әдістерімен таныстырды.

«Инсульт адам денсаулығы үшін аса қауіпті аурулардың бірі. Бұл аурумен ауырған науқастардың 35 пайызы алғашқы 2-3 тәулікте көз жұмады. Аман қалған адамдардың денсаулығына өте үлкен зақым келеді. Инсультке шалдыққан адамға алғашқы 3-4 сағатта сапалы көмек көрсетілмесе, жағдайы қиын болады», - деді профессор Александр Скоромец.

null 

Александр Скоромец Алматыдағы неврологиялық қызметтің жұмысын өте жоғары бағалады.

«Алматы соңғы кезде бүкіл ТМД көлемінде үлкен нәтиже көрсетіп отыр. Қазақстанда инсультқа қарсы қызметтің жұмысы тамаша ұйымдастырылған. Сонымен қатар мидың майда тамырларымен жұмыс жасауға мүмкіндік беретін заманауи технологиялар бар», - деді ол.

«Александр Скоромец -  белгілі ғалым. Кітаптарын, монографиясын Алматы дәрігерлері бірнеше жылдан бері оқып жүр. Бұл кісінің лекциялары жас мамандарға өте тиімді. Бүгін тек конференция ғана емес, арнайы мастер класс ұйымдастырылып жатыр. 2018 жылға түрлі салалар бойынша ірі конференциялар жоспарлап қойдық. Осындай оқыту емханаларда жұмыс атқаратын мамандарға өте пайдалы деп санаймын», - деді аурухананың бас дәрігері Марат Абдуллаев.

null 

№7 аурухананың бас дәрігерінің орынбасары Жадыра Шериязданның айтуынша, Қазақстанда инсульт ауруына шалдығу көрсеткіші 1000 адамға шаққанда 2,5-3,5 адам инсульт ауруына шалдығады екен.

null 

Ал 1000 адамға шаққанда 1,78 адам  қайтыс болады.

Соңғы жаңалықтар