Алматы барахолкасындағы өрт сөндірілді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Байсат» базарындағы өрт сөндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өрт сағат 07:19-да ауыздықталды. Қазіргі уақытта шоқтардың қалып қоймауы үшін су құйылуда»,- деп атап өтті Алматы қалалық ТЖД-ның ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова.
Өртке 3 күрделілік деңгейі белгіленді. Өрт сөндірушілердің қолға алған шарасының нәтижесінде ол сағат 06:57-де оқшауланды. Жалынды сөндіру үшін 3 нысандық өрт сөндіру гидранты пайдаланылды.
Өртті ауыздықтауға 30 өрт сөндіру-құтқару техникасы және жеке құрамнан 100-ден астам қызметкер жұмылдырылды.
Жалын 280 шаршы метр аумақты шарпыды.
Оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеді.
Бұған дейін хабарланғандай, сағат 05:57-де Алматы қалалық ТЖД «101» пультіне Жетісу ауданы Солтүстік айналма жолының бойындағы «Байсат» базарында контейнерлер қатары өртке оранғаны туралы қоңырау келіп түсті. Құтқарушылар аталған жерге аттандырылды. Алғашқы өрт сөндірушілер оқиға орнына 5 минуттан соң сағат 06:03-те келіп жетті. Олар келген уақытта контейнерлер ашық жалынға оранған болатын.
Еске сала кетсек, 20 қарашада Алматы ТЖД-ның ақпаратына сәйкес («Байсат» базарында ыдыс-аяқ сататын қатары) аумағы 720 шаршы метр сауда контейнерлері арасын жауып тұратын темір аспа қираған. Оқиға кезінде 16-18 және 50 жастағы екі адамның зардап шеккен. Олардың бірі ауруханаға жатудан бас тартты, екіншісі №4 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді.

Соңғы жаңалықтар