Алматы ауруханалары түгел электронды форматқа көшеді - Мусинов

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы ауруханалары биылдан бастап 100 % электронды форматқа көшеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұл туралы бүгін алқаның кеңейтілген отырысында қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Серікбол Мусинов мәлім етті.

"2019 жылғы 1 қаңтардан бастап медициналық ұйымдар медициналық құжаттаманы жүргізудің қағазсыз форматына өтеді, оның ішінде электрондық амбулаториялық карталар, электрондық сырқатнамалар және рецепттерді электрондық жазып беру болады",- деді басқарма басшысы.

Серікбол Мусинов цифрландыру саласында медицина саласында  қандай инновациялар жүзеге асырылатынын айтты.

"Денсаулық сақтау саласын цифрлық жаңғырту мақсатында биыл  желтоқсанға дейін медициналық ұйымдар 100% ақпараттық жүйелермен қамтамсыз етілетін болады. Бұл 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қағазсыз жұмыс форматына өтуге мүмкіндік береді.  Осы мақсатта қалалық денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық ақпараттық жүйелер енгізіліп жатыр. Бүгінді таңда медициналық ақпараттық жүйелермен қала бойынша медицина ұйымдарының 98%-ы қамтамасыз етілді.  Медициналық ұйымдар компьютерлік техникамен толық қамтамасыз етілді. Осы мақсатта жергілікті бюджеттен  1 339,1 млн теңге бөлінді. Қосымша 6051 компьютер сатып алынды. 120 IT маман тартылды", - деді С.Мусинов.

Оның айтуынша, əкімдік пен Денсаулық сақтау министрлігі арасында меморандум жасалды. 

Оған сәйкес жыл сайын жергілікті бюджет қаражаты есебінен компьютерлік  техника 20%-ға жаңартылып отырады. 

Сонымен қатар, медициналық ұйымдардың бірыңғай корпоративтік электрондық пошта жүйесі (med.mail.kz) енгізілді.

Басқарма басшысының мəлімдеуінше,  пациент пен дәрігер арасында тұрақты байланысты қамтамасыз ету үшін мобильдік қосымша жасалмақ.

Арнайы қосымша арқылы бүгінгі таңда 5 бағыт: артериалдық гипертония, қант диабеті, созылмалы жүрек кемістігі, жүкті әйелдер,  балалар денсаулығы бойынша пациенттер дəрігерімен байланыста болады.

Дербестендірілген медицинаны енгізу технологиялары  бойынша генетикалық секвенирлеу, биомедициналық информатика және жасанды  интеллект арқылы жұмыс алға қойылды.

Осының негізінде ауру себебі шыққанға дейін диагнозды анықтау, емдеу бойынша ұсыныстар беру, мақсатты профилактикалық шаралар жоспарлау мүмкін болады, және сол арқылы денсаулық сақтау ресурстары тиімді пайдаланылады.

Айта кету керек, Алматы əкімі Бауыржан Байбек халықпен есепті кездесуі барысында ауруханаларды қағазбастылықтан арылту туралы тапсырма берген болатын. https://kaz.inform.kz/news/almaty-auruhanalary-kagazbastylyktan-arylady-baybek_a3161268

Соңғы жаңалықтар