Алматы әкімі аймақтың үздік тауар өндірушілерін марапаттады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімі Бауыржан Байбек аймақтық үздік тауар өндірушілерді марапаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

null null null
Енді 9 компания аймақтың намысын республикалық байқауда қорғайтын болады.

Айта кету керек, барлығы байқауға 62 компания қатысты. «Өндірістік бағыттағы үздік тауар» аталымы бойынша «СОЛО ЛТД» ЖШС жеңімпаз атанды.

«Біздің еңбегімізді жоғары бағалағанына өте қуаныштымын. Мұндай сенім кәсіпкерді ерекше ынталандырады. Біздің кәсіпорынға 26 жыл болды. Осы уақытқа дейін радиациялық бақылау саласында көптеген құрылғы жасадық. Республикалық байқаудан жүлде алуға үміттіміз», - деді техникалық директор Владимир Абиленцев.

«Ең үздік азық-түлік тауары» аталымын «Бижан» ет өңдеу зауыты жеңіп алды.
null null null 

«Осымен үшінші рет қатысып отырмыз. Бірақ бірінші рет жеңімпаз болдық. Сатып алушыларға біздің өнім ұнайды. Республикалық байқауда да көпшіліктің көңілінен шығамыз деген ойдамыз», - деді компанияның бас директоры Хадиша Нұртайқызы.

«Ең үздік халыққа арналған тауар» аталымы бойынша «Angelcher» ЖШС бірінші орынға тұрақтады.

«Біздің еңбегімізді бағалап елеп-ескергендеріңізге рахмет. Біздің бизнесімізге аудандық әкімшілік те кәсіпкерлер палатасы да көмегін аямайды. Біздің өніміміз көпшілікке ұнайды», - деді.

«Angelcher» компаниясының басшысы Елена Вайлюлина. Аталған көрме-байқауда үшінші орынға «Tea House», «ProfiModa» «IDC» ЖШС лайық деп танылды.

Екінші орынның сертификатын «Цин-Каз» ЖШС, «Жетісу» АҚ және «Smart Pay» ЖШС иеленді.
null null null 

Айта кету керек, байқаудың финалдық кезеңі Астанада өтеді. Жеңімпаз компанияларды Мемлекет басшысы марапаттайтын болады.

Соңғы жаңалықтар