Алмат Кебісбаев екінші мәрте Азия чемпионы атанды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанды грек-рим күресінің шебері Алмат Кебісбаев Бішкекте өткен Азия чемпионатында 67 келіге дейінгі салмақта алтын медальға қол жеткізді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.

Финалдық кездесуде жапондық спортшы Сушику Шимоямадумен боз кілемге шыққан жерлесіміз екі нәтижелі әдіс жасап жеңіске жетті.
Бұл Кебісбаевтың Азия чемпионаттарынан алған екінші алтын медалі. 2011 жылы Азияның үздігі атанған ол, 2009, 2017 жылдары финалға дейін жеткен болатын.

АЧ-2018 финалдық кездесулеріне енді Демеу Жадыраев пен Асхат Ділмұхаметов шықпақ.
Кеше қазақстандық палуандар үш «қоланы» қоржынымызға салды.


Фото: sport.inform.kz

Соңғы жаңалықтар