Алқа билердің қатысуымен өткен қылмыстық істер 64,3 пайызға артты - 100 нақты қадам

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың айқындаған «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында алқа билер соты қолданылатын салаларды кеңейту мәселесі көзделген. Осыған байланысты 2017 жылдың басынан, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда, алқа билердің қатысуымен қарастырылған қылмыстық істер саны 64,3% артып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«100 нақты қадамның» 21-қадамын жүзеге асыру бағытында қосымша алқа билердің қатысуымен соттардың соттылығына 5 құрам енгізілген. Бұдан бөлек, 2017 жылдың басынан бері, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда, алқа билердің қатысуымен қарастырылған қылмыстық істер саны 64,3% артқан. Бұл ретте алқа билердің қатысуымен сотқа жатпайтын істерді шектеу сақталды. Олардың қатарында террористік және экстремистік қылмыстар, есірткі қылмыстары, конституциялық құрылыс негіздері және мемлекет қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар бар. Объективті себептер бойынша істі бір алқа билер сотынан басқа алқа билер сотына беру мүмкіндігі қарастырылған.

Сонымен қатар, 22-қадам бойынша айыпталушы және қорғаушы арасындағы теңгерімді қамтамасыз ету шаралары да орындалды. Бұл ретте сотқа дейінгі іс жүргізу кезеңінде соттық бақылау кеңейтіліп отыр. Атап айтқанда, судьяға қосымша 4 тергеу ісін санкциялау берілді. Олар: қарау, тінту, жеке тінту және алу.

Мәліметтерге қарағанда, 2017 жылдың басынан тергеу судьялары санкциялау туралы 20 907 материалды қарастырған. Бұл 2016 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 22% көп.

Бұдан бөлек, сотқа дейінгі іс жүргізу кезеңінде адвокаттардың рөлі жоғарылатылды. Адамның және азаматтың конституциялық құқығына қатысы бар тергеу амалдарын санкциялауда олардың міндетті түрде қатысуы қарастырылған.

Соңғы жаңалықтар