Алик Шпекбаев Индонезия Елшісімен кездесті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттінің төрағасы Алик Шпекбаев Индонезияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Рахмат Прамономен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Агенттіктің Фейсбуктегі жазбасына сәйкес, Алик Шпекбаев ведомствоның мемлекеттік қызметті жетілдіру, сапалы мемлекеттік қызмет көрсету және оларды электронды форматқа көшіру, мемлекеттік жемқорлыққа қарсы саясат бағыттарындағы жүйелі жұмыстары жайында айтып берді.

«Соңғы жылдары Қазақстанда мемлекеттік қызмет, мемлекеттік басқару және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл салаларында ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Елімізде басты басымдықтар анықталған - олар ашықтық, айқындық және есептілік. Мемлекет басшысының саяси ерік-жігерінің және бастамаларының халық арасында кеңінен қолдауға ие болуының, мемлекеттік аппараттың тиімді жұмысының арқасында синергетикалық тиімділік байқап отырмыз. Жемқорлыққа қарсы тиімді іс-қимыл тетіктері барынша қарқынды дами бастады», - деді агенттік төрағасы.

Өз кезегінде шетелдік дипломат Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформаларға жоғары баға берді.

«Алдымен Қазақстанды жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріндегі айтарлықтай ілгерілеушілігімен құттықтағым келеді. Бұл мәселедегі Қазақстанның күш-жігері халықаралық деңгейде аталып өтілген және нәтижесінде елдеріміз Жемқорлықты түйсіну халықаралық индексіндегі өз көрсеткішін жақсартты», - деп атап өтті Индонезия Елшісі.

Осы орайда Алик Шпекбаев Индонезияның мемлекеттік қызмет саласындағы және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесіндегі тәжірибесін зерделеуге барынша қызығушылық танытты. Кездесу соңында тараптар мемлекеттік басқару мәселелерінде тәжірибе алмасу үшін екі елдің мемлекеттік қызметшілерін өзара гранттық оқыту және тағлымдамадан өткізу мүмкіншіліктерін талқылады.

Соңғы жаңалықтар