Әлеуметтік желіде балағат сөздер жазған Атырау облысының тұрғыны тұтқындалды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Әлеуметтік желідегі балағат сөздер үшін Атырау облысының тұрғыны төрт тәулікке тұтқындалды, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Атырау облысы Исатай аудандық соты ҚР ӘҚтК 434-бабы 1-бөлігіне қатысты әкімшілік істі қарады.

Материал деректері бойынша, С. Атты азамат жол-көлік оқиғасы туралы облыстың ІІД хабарламасына балағат сөздермен пікірін қалдырған. Апат 2017 жылы маусымда Атырау-Астрахань тасжолында болған. Бұл туралы хабарлама ІІД «Facebookтегі» жеке парақшасында жарияланған.

«Сот отырысында азамат С. өз ісіне өкінді. Сот қаулысымен ол айыпты деп танылып, оған 4 тәулікке әкімшілік тұтқындау түрінде жаза тағайындалды», - деп хабарлады Исатай аудандық сотының баспасөз қызметі.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар