Әлеуметтік желі арқылы Димашқа дауыс беру байқау нәтижесіне әсер етпейді

None
None
АСТАНА.ҚазАқпарат - Әлеуметтік желі арқылы дауыс беру  Димаш Құдайбергеннің «Singer» байқауындағы нәтижелеріне әсер етпейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жобаның бағалау талаптарына сәйкес, қатысушының тағдырын түсірілім барысында залда отырған 500 тыңдарман шешеді. Олар дауыс беру арқылы сол кезеңдегі ең үздік әншіні таңдап, ең аз ұпай жинаған бір қатысушыны байқаудан шығарып отырады. Әр айналымның қорытындысы бойынша, 1-орыннан 7-орынға дейін рейтинг құрылып, жобадан шығып қалған 7-орындағы әншінің орнына жаңа әнші қосылады. Ал екі кезеңнен тұратын финалдың бірінші жарыс күні 30 наурызда өз мәресіне жеткенін хабарлаған болатынбыз. Алайда жартылай финалда әншілер рейтингі құрылмайды, есесіне тікелей эфирден көрсетілетін ақтық бәсекедегі жұптасып өнер көрсеткен әр әншінің екі кезеңдегі қорытындысы бойынша жеңімпаз анықталады.

Айта кеткен жөн, дауыс беру «Singer 2017» байқауының жартылай финалының қатысушыларына арналған сауалнама. Оны аталмыш байқауды тікелей және интернетте көрсетуге рұқсаты бар үш видео-хостингтің бірі- қытайлық 爱奇艺 (iqiyi.com) сайты тыңдармандарына ұсынып отыр. Бұл сауалнама өнерпаздардың байқаудағы ұпайларына еш әсер етпейді.

Еске сала кетейік, 8 сәуірде Хунан телеарнасы «Singer 2017» ән байқауының жартылай финалын көрсетті. Димаш италиялық әнші Адриано Челентаноның «Confessa» әніне «5-элемент» киносының «The diva dance»-ті қоса шырқады. Ал 15 сәуірде отандасымыз  байқаудың ақтық сынында қытайлық танымал әнші Шаң Венжемен бірге ән шырқайды.

Соңғы жаңалықтар