Алеппоның 400 тұрғыны жедел медициналық көмекке мұқтаж

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алеппоның шығысында жарақат алған немесе дертке шалдыққан 400 адам шұғыл медициналық көмекке мұқтаж.

Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының өкілдері хабарлады. Аймақтан қашып шыққан тұрғындардың айтуынша, қаскөйлер бақылауындағы кейбір аудандарда ахуал мүлде нашар. Ол жерлерде шамамен 250 мың адам тұрып жатыр.

Оған қоса, бұл аймақтарда азық-түлік пен дәрі-дәрмек қажет. Дегенмен үкімет әскері лаңкестер бақылауындағы тағы бір ауданды азат етіп, қала мен әуежайды жалғайтын күре жолды өз бақылауына алды.

Айта кетейік, Алеппоны азат ету операциясы басталғалы бері билік әскері шаһардың 60 пайызын лаңкестерден босатты.

«Хабар24» арнасы.

Соңғы жаңалықтар