Әлемдік мұнайдың бағасы төмендеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондон және Нью-Йорк шикізат биржаларындағы дүйсенбі күнгі сауда-саттықта мұнайдың бағасы төмендеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

Лондонның ICE Futures биржасында қаңтар айында жеткізілетін Brent маркалы мұнай фьючерстері 0,5 долларға дейін арзандап, бір баррель мұнайдың бағасы 62,22 долларды құрады.

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) WTI маркалы мұнайдың желтоқсан айында жеткізілетін фьючерстері 0,46 долларға арзандап, бір баррелі 56,09 доллар болды.

Соңғы жаңалықтар