Әлемдік мұнай бағасы тағы да көтерілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондон және Нью-Йорк биржаларындағы электронды сауда кезінде мұнайдың әлемдегі бағасы өсіп келеді. Бұны сауда барысындағы мәліметтер растап отыр, деп хабарлайды Газета.ру.

WTI маркілі жеңіл мұнайдың Нью-Йорк тауар биржасындағы (NYMEX) қыркүйек айындағы фьючерстері 0,20%, көтеріліп, барреліне 50,27 $ құрады. 

Лондондық ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнайдың қыркүйектегі жеткізілімдері 0,13%, өсіп, барреліне 52,79 долларды құрады.  

Соңғы жаңалықтар