Әлемдік қауымдастық мәйіт ағзаларын пайдалану бойынша Қазақстан xалқына үндеу жасайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өткен жылы Қазақстанда адам ағзаларын транспланттау бойынша 926 операция жасалды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың айтуынша, елімізде туған-туыстар арасында донор болу тәжірибесі жақсы дамып жатса, мәйіттің ағзаларын пайдалану жүйесі тұралап қалған. «Алайда бізде арнайы заң бар. Оны 2009 жылы қабылдаған болатын. Халық арасында да кеңінен талқыланды. Соған қарамастан, xалық тарапынан наразылық айтылып жатыр. Әрине, осы мәселе бойынша бір келісімге келу қиын. Соның салдарынан біреудің өмірін сақтап қалуға тырысатын дәрігерлерге кінә артылып жатады. Олай жалғаса берсе, менің әріптестерім кезекте тұрған адамдардың өмірін сақтап қалуға тартынатын шығар», - деді Біртанов бүгін xалық алдында есеп беру кездесуі кезінде.

Министрдің айтуынша, ведомство мәйіттің ағзаларын донорға салу жайын жан-жақты түсіндіру шараларын жалғастырады. Оған қоса, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы да осы мәселе бойынша өз ұстанымын жариялайды.

«Өкінішке қарай, біздегі трансплантологияның дамуы көп адамдың өмірін сақтап қалуға мүмкіндік бермейді. Соның салдарынан көбісі шетелге баруға мәжбүр. Олардың ішінде балалар да бар», - деп атап көрсетті министр.

Айта кетейік, өткен жылы жасалған оталардың ішінде 12-сі - жүрек алмастыру, 1 - өкпе трансплантация, сондай-ақ 204 рет бүйрек алмастыру отасы жасалды. Бұдан бөлек, тері, сүйек кемігі, бауыр және тағы басқа ағзалардың трансплантациясы өткізілді.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, ақтөбелік дәрігерлер 22 жастағы жігіттің екі бүйрегін екі адамға еш рұқсатсыз салып берген болатын.

Бұл оқиға бойынша Денсаулық сақтау министрі Ержан Біртанов өз пікірін білдірген еді. Сондай-ақ, №2 Ақтөбе қалалық сотында марқұмның қарындасы Балдәурен Нұрбылаеваның арызы қаралды.

Соңғы жаңалықтар