Әлем саяхатшыларына Түркі әлемін таныстыратын туристік топтама ашылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан, Түркия, Әзербайжан, Қырғыз елінің тарихи орындары, Түркі әлемінің мәдениеті мен тарихын таныстыратын Заманауи Жібек жолы бірлескен туристік топтамасы бүгін Алматыдағы Интерконтиненталь қонақ үйінде таныстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетейік, 2014 жылы Түркияның Бодрум қаласында Түрік кеңесіне (Түркия, Қазақстан, Әзербайжан, Қырғыз елі - ред) мүше мемлекеттер президенттерінің қатысуымен Кеңестің 4-ші саммитінде «Туризм саласындағы ынтымақтастық» тақырыбы талқыланған болатын.

Жиында Түрік кеңесі елдері министріліктерінің шешімімен Кеңес хатшылығы «Түрік кеңесінің бірлескен заманауи Жібек жолы туристік топтамасы жобасы» әзірленген. Оның мақсаты - Жібек жолы тарихи орындарымен туристік бағытты дамыту. Осыдан кейін, 2016 жылы Түрік Кеңесіне мүше елдердің 11 тур операторларының бірлесуімен аталған жобаны жүзеге асыру үшін консорциум құрылды.

Түркиялық «Антур» туристік компаниясы Консорциумның үйлестірушісі ретінде белгіленді. Дәл осы жылы Ыстықкөлде өткен Түрік кеңесіне мүше елдердің туризм саласына жауапты ведомстволарының 3-ші жиынында жобаны жүзеге асыратын аймақтық, халықаралық Жол картасы бекітілді. Бұл жиында консорциумға мүше туристік операторлар Дүниежүзілік сауда ұйымының ғаламдық этикалық кодексіне қол қойған болатын.
null 

Бүгінгі Алматыда өткен аталған туристік жобаны таныстыру барысында Түрік кеңесі Бас хатшысының орынбасары Өмер Ходжаман жобаның негізгі міндетін айтып берді.

«Тур топтама бағдарламасы 14 күннен тұрады. Жоба бағдары бойынша саяхатшылар Түркияда: Ыстанбұл-Кайсери-Нившехир (Кападокия), Ақсарай-Конья-Ыстанбұл бағыттары бойынша, Әзербайжанда: Генджи, Шеки, Шамаха, Баку, Қазақстанда: Алматы-Түркістан, Шымкент, Тараз, Қырғызстанда: Бішкек, Нарын, Таш-Рабат, Чолпан Ата - (Ыстықкөл) Бішкек» бағыттары бойынша саяхаттай алады. Бұл бағытты таныстыруға арналған алғашқы ақпараттыр тур 21 сәуірден 5 мамыр мен 12 мамыр мен 26 мамыр аралығында өтеді. Оған БАҚ өкілдері, блогерлер, сарапшылар, халықаралық тур операторлар қатысады», - Өмер Ходжаман.

Оның айтуынша, тур топтаманы саяхатшы өз қалауынша демалады. Яғни, биыл тек, Түркия мен Әзербайжанды ғана көргісі келген адам 14 күндік сапардың жартысын ғана алуы мүмкін.

Қазақстан тарапынан қызмет көрсететін «Глобал эйр» туристік компаниясының бас директоры Гүлден Оспанова туристік топтама аса қымбат болмайтынын айтты.

«Екі аптада Жібек жолы бағытымен жүріп өтук керек болады. Кәнігі туристер үшін бұл әрине, ұзақ уақыт. Сондықтан, бөлім-бөлімге де бөліп алуға болады. Түркия мен Қырғыз елін, Қазақстан мен Әзербайжанды көргісі келгендер үшін бөлек топтама сатылады. Біз саяхатшылар үшін қызықты бағдарды таңдауға жағдай жасадық. Әркім өз елінде Жібек жолының тарихи орындарын танытуға барынша күш салды. Енді ұйымдастырылған ақпараттық тур арқылы біздің Алматының қатты ұнағанын байқадық. Айта кетейік, Қазақстанда ақпараттық тур 28 сәуір мен 1 мамыр аралығында өтіп жатыр. Туристер Алматы, Шымкент, Түркістан, Отырар, Таразды тамашалайды. Меніңше, болашақта тур топтаманың бағасы саяхатшының қалтасы көтеретіндей болмақ», - дейді Гүлден Оспанова.  

Оның айтуынша, Жібек жолы деген атаудың өзі туристерді қызықтыра түспек.

«Шетелдік туристерге біздің елдерді көріп, тарихи орындарымен танысу қатты қызықтырмақ. Біз саяхатшының жағдайына байланысты да қызмет түрлерін ұсынамыз. Мысалы, біздің топтама да қымбат та, арзан да қонақ үйлер ұсынылмақ. Батыс елдері мен шығыс елдерінің саяхатшыларының көзқарастарына орай да қызықты бағдарламалар ұсынылмақ», - деді ол.
null 

Түрік кеңесі Бас хатшысының орынбасары Өмер Ходжаманның айтуынша, аталған жоба биылғы жылдың шілдесінен бастап жүзеге аспақ. Өмер Хождаман саяхатшылар Түркі әлемінің мәдениеті мен тарихын ғана танып қоймай, Түрік әлемінің әдеби мұрасы да саяхатшыларға ұсынылатынын айтты. 

Соңғы жаңалықтар