Әлем чемпионын өлтіріп кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Пауэрлифтингтен әлем чемпионы, ресейлік спортшы Андрей Драчевты белгісіз біреулер өлтіріп кетті, деп жазады ТАСС.

Агенттіктің ақпаратына қарағанда, көшеде Драчевқа мас адам жолығып, екеуі келіспей қалады. Спортшы белгісіз адамға мәселені мас емес кезде шешу керектігін түсіндіреді, алайда ер адам төбелес бастайды. Бірнеше секунд өткеннен кейін ұрыс-керіске мас адамның достары қосылады. Спортшы алған жарақатынан емханада көз жұмған.

Баспасөз қызметті қылмыскердің іздестіріліп жатқандығын, аталған іс бойынша қылмыстық іс қозғалғандығын хабарлады.

Соңғы жаңалықтар