Алдағы уақытта қандай қазақ кинолары көрерменге жол тартады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Таяу уақытта көрерменге жол тартатын қазақ кинолары белгілі болды. Оны бүгін Үкімет үйінде өткен брифингте ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгінгі күні өндірісте 28 көркем және деректі фильм түсіріліп жатыр. Олардың қатарында «Елбасы жолы. Астана» эпопеясының жалғасы, «Тұмар патшайым», «Бейбарыс Сұлтан» сынды тарихи жобалар бар. Санаулы күндерден кейін біз «Әміре әні» фильмі мен «Қазақ елі» телесериялының жалғасын көрсететін боламыз», - деді Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Министр еліміздің мәдениеті мен тарихы, көрнекті қайраткерлері мен тарихи тұлғалары туралы баяндайтын кино сериялары мен тележобаларды құру бойынша «Мәңгілік ел» кешенді жоспары жүзеге асырылып жатқандығын еске салды.

«Жоспар аясында Тәуелсіздік мерейтойына ғана 26 кинокартина таныстырылды. Оның ішінде 9 көркем, 9 деректі, 7 дебюттік және 1 анимациялық фильм бар. Барлық картиналар халықаралық нарыққа прокатқа шығаруға бағдарланған және қазірдің өзінде қазақстандық және шетелдік көрермендер арасында үлкен сұраныс пен танымалдыққа ие болды», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар