Алаяқтар қарағандылықтардың 150 млн теңгесін қалтаға басқан

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -Банктер сатуға қойған кепілдегі мүліктерді алып береміз деген алаяқтар қарағандылықтардың 150 миллион теңгесін қалтаға басқан, деп хабарлады облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен.

«2017 жылы ішкі істер органдарына қаланың 60 тұрғыны шағым түсірген. Олар өздерінің жинақтарын банктердің кепілдік мүліктерін сату бойынша қызмет көрсететін ЖШС өкіліне берген. Фирма өкілдері ақшаны алғаннан кейін клиенттерге алдын ала дайындалған автокөліктердің суреттері мен тізімдерін және кадастр нөмірлері бар пәтерлерді, осы мүліктердің құжаттарын ұсынған», - делінген хабарламада.

Кейін клиенттер мүлікті таңдап, 15 күннен екі айға дейінгі мерзімге келісімшарт жасайды. Бірақ, келісімшарттағы мерзім аяқталғанда фирма өкілдері түрлі сылтаулармен уақыт созып, кейін клиенттермен кездесуден бас тартқан. 

Алданған клиенттердің шағымы бойынша үш адамның үстінен ҚР ҚК 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық іс сотқа жолданды. 

Соңғы жаңалықтар