Алаяқтар Алматы тұрғындарын алдап, несие алдырып келген

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Екі құрбы ондаған алматылықты алдап соғып, олардың ақшасын иемденіп алды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі қалалық ІІД-ға сілтеме жасап. 

Полицияның дерегі бойынша, 1991 жылы туған Арай Мұстафаева мен 1986 жылғы Жұлдыз Шайжанова алаяқтық жасады деген күдік келтіруде. Әуезов аудандық ІІБ дерегіне сүйенсек, қазіргі таңда тергеу бөлімінің өндірісінде 10-нан астам адамның шағымы бар.

«Зардап шегушілердің ақпараты бойынша, бұл әйелдер өздерінің мүмкіндіктерінің шектеулі екендігін алға тартып, азаматтарды тұтынушылық несие алуға үгіттейді. Бірақ, зардап шегушілерді, алдымен, тауарлық несие рәсімдеуге шақырады. Тауарлық несие алу олардың несиелік тарихына оң әсер ететініне сендіреді. Нәтижесінде, олар алынған тауарды меншіктеніп, тұрғындарға берген уәделерін орындамаған. Көптеген адамдардың зардап шеккеніне қарап, олардың осы секілді өзге де қылмыстарға қатысы болуы мүмкін», - деп хабарлады Әуезв аудандық ІІБ ішкі істер бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Құмарбек Кеншінбаев.

Полиция аталған тұлғалардан зардап шеккен азаматтарды мына телефон бойынша байланысуға шақырады: 298-53-01 және 298-53-05.

Соңғы жаңалықтар