«Ақжол» бірнеше зейнетақы қорларын құруды ұсынды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Ақжол» депутаттық фракциясы Бірыңғай жинатаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) монополиясын доғарып, бәсекелестікті дамыту үшін бірнеше зейнетақы қорларын құруды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ақжол» депутаттық фракциясы БЖЗҚ-ның монополиясынан бас тартуды ұсынады. Осы ретте зейнетақы қорлары қызметінде бәсекелестік қадамдарға қайта оралу қажет. Олар мемлекет пен Үкіметтің қатаң бақылауымен салымшыларға нарықтық бәсекелестік негізінде таңдау жасауға мүмкіндік берер еді»,-деді ҚР Мәжіліс депутаты Дания Еспаева Үкімет басшысы мен Ұлттық банк төрағасының атына жолдаған сауалында.

Сонымен қатар ол БЖЗҚ-ның құны 5 млрд теңге болатын даулы келісім-шарты мәселесіне де тоқталды. Осы орайда депутат қордың барлық қаражатын басқару толықтай ашық әрі мемлекет алдында есепті болуы тиіс екенін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар