Ақтөбеліктер жыл басынан 140 млрд теңгеге несие алған

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбедегі екінші деңгейлі банктер жыл басынан бері 140 миллиард теңгеге жуық несие берген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі есеге көп. Несиенің 16 миллиард теңгесін шағын кәсіпкерлік субьектілері алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Ұлттық банктің Ақтөбе облыстық филиалы алғашқы жартыжылдықты қорытындылады.  Өңірде несие алушылар қатары артып, депозитке қаржы сақтайтындар да еселенген. Теңгеге басымдық бар. Мәселен, екінші деңгейлі банктер 140 миллиард теңге несиенің 97 пайызын - ұлттық валютамен, қалғанын шетел валютасымен берген. Несиенің көбі сауда, өнеркәсіп, құрылыс салаларына тиесілі.

«Екінші деңгейлі банктер несие беруді жеңелдетті. Жыл басынан бері заңды тұлғаларға 75,6 миллиард теңге, жеке тұлғаларға 64,3 миллиард теңге несие берілді. Өткен жылмен салыстырғанда несие беруде өсім бар. Ақтөбе облысы Астана мен Алматы қалаларын қоспағанда 4-орында келеді. Ақтөбеліктер депозитке жиі ақша сала бастады. Жыл басынан бері 8 миллиард теңгені депозитке орналастырды»,- деді ҚР Ұлттық банкі Ақтөбе облыстық филиалының директоры Перизат Асимбетова.

Айта кетейік, Ақтөбеде 128 валюта айырбастау орны бар. Жыл басынан бері Ақтөбедегі айырбастау пункттерінен долларды сатып алу көлемі 19 пайызға артып, 81 миллион теңгені құрады. Тұрғындар Ресей рублін де жиі сатып алған. Барлығы 3 миллиард теңгеден астам сомаға рубль сатып алынды. Яғни, өңірде тұрғындардың шетел валютасын тапсыруы төмендеп, сатып алу көрсеткіші артты.

 

Соңғы жаңалықтар