Ақтөбеліктер көз ауруларының емін іздеп Ресейге бармайтын болды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАпарат - Ақтөбеде «Дару жарығы» офтальмологиялық орталығы іске қосылды. Заманауи  орталықта 6 ота залы бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде көз ауруларын емдеп, ота жасайтын бірегей орталық іске қосылды. Мемлекеттік-жекешелік серіктестік аясында іске қосылған орталықта 60 кереует бар. Күніне 500 адамды қабылдайтын орталық Қазақстанның батысын түгел қамти алады. Орталықтағы құрал-жабдықтар Германия, Австрия, Чехия, Словакиядан әкелінді.

null 

«Бұған дейін шетел асып, ақтөбеліктер Ресейдің Орынбор қаласына барды. Енді мұның жолы кесіліп, науқастар Ресейден бізге келеді деп жоспарлап отырмыз. Себебі, орталықтағы мамандардың бәрі алдын-ала Еуропада тәжірибе жинап келді, соңғы үлгідегі құрал-жабдықтар жеткізілді», - деді орталық жетекшісі Ғалымжан Елеуов.

Көз ауруларын емдейтін орталық мамандарының бәрі жергілікті емдеу мекемесінде жұмыс істеген. Шетелден маман шақырылмады. Орталық жетекшісі Ғ.Елеуовтың айтуынша, ақтөбелік дәрігерлердің біліктілігі ешкімнен кем түспейді. Құрылыс жұмыстары мен құрал-жабдық сатып алуға барлығы 3,8 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінді. Мұнда балалар мен ересектерге мемлекеттік тапсырыспен ем көрсетіледі.

null 

«Еліміздің батыс өңірінде көз ауруына шалдыққандарды емдейтін орталық, аурухана жоқ. Ақтөбе облысы бойынша 2 мыңға жуық адам көзін емдету үшін Ресейге барады екен. Ал Қазақстан бойынша жылына 1 миллионға жуық адам көз дәрігерінің көмегіне жүгінеді. Осы көрсеткішті ескеріп, жаңа орталық ашу үшін кәсіпкерге ұсыныс жасаған болатынбыз. Құрылыс 1 жылдан астам уақытта аяқталды», - деді Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев.

Өңір басшысы өз сөзінде мамандар дайындау жұмысы жалғасатынын жеткізді. Сонымен қатар, мемлекеттік-жекешелік серіктестік аясында медицина қызметкерлеріне арналған тұрғын үй салу жоспары да қарастырылып жатыр.

null  

Айта кетейік, жаңа орталыққа Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медициналық университетінің офтольмология бөлімі көшіп келді. Бұған дейін дәрігерлер жылына 2 мыңға жуық адамның көзіне ота жасалған. Жаңа орталыққа келген соң олардың бәрі қайта тәжірибе жинап, құрал-жабдықтарды меңгере бастайды, шеберлік сабақтарына қатысады.

«Жыл өткен сайын көз ауруларына шалдыққан адамдар саны артып келеді. Бұл адамның өмір сүру жасының ұлғаюымен, экологиямен баланысты болуы мүмкін. Көбіне балалар мен қарияларда көз ауруы жиі кездеседі. Қант диабеті ауруына шалдыққандарда да көз аурулары бар. Әрі жаңа орталықта көзілдірік кигісі келмейтін жастарға ота жасалады», - деді медициналық университетінің офтольмология бөлімінің меңгерушісі Гүлнар Назарбаева. 

null 

Соңғы жаңалықтар