Ақтөбелік төреші Еуропа чемпионатының финалына қазылық етеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтөбелік төреші жасөспірімдер құрамалары арасында Еуропа чемпионатының финалына қазылық етеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Футбол федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Юрий Тихонюк өткен маусымда ФИФА төрешісінің көмекшісі ретінде халықаралық турнирлерде қызмет ете бастаған болатын. Міне, биыл ақтөбелік төреші Еуропа жарыстарына алғаш рет шақырту алып отыр. 


Енді, ақтөбелік Юрий Тихонюк 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамалары арасында Еуропа чемпионатының 2017/2018 финалдық кезеңінің матчтарына төрелік етеді.

2017/18 жылғы Еуропа чемпионатының финалдық кезеңі 4-20 мамыр аралығында Англияда өтеді. Турнирдің бұл кезеңіне алаң қожайындарынан бөлек, Италия, Португалия, Испания, Голландия, Германия, Сербия және басқа құрамалар қатысады.

Соңғы жаңалықтар