Ақтөбелік соғыс ардагерлеріне 300 мың теңгеден беріледі

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде Жеңіс күніне орай соғыс ардагерлері мен тыл ардагерлеріне, олардың жесірлеріне 180 миллион теңгеден астам қаржы бөлінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде Жеңіс күніне орай ардагерлерге бір жолғы төлем аударылып, сауықтыруға да ақша беріледі.

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ақтөбе қаласында тұратын екінші дүниежүзілік соғыстың 55 қатысушысына 300 мың теңге,  Алға, Мәртөк, Мұғалжар және Хромтау аудандарында тұратын сегіз соғыс ардагеріне 100 мыңнан 200 мың теңгеге дейін көмек ақша беріледі.

«Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және оларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер бойынша 50 мыңнан 60 мың теңгеге дейін, әскери қызметкерлердің жесірлеріне және тыл еңбеккерлеріне 12 мыңнан 15 мың теңгеге дейін қаржы аударылады. Қазіргі кезде Ақтөбе облысында Ұлы Отан соғысының 63 қатысушысы мен мүгедегі бар. Барлығы 7574 адам соғыс ардагерлеріне теңестірілген. Олардың 6258-і тыл еңбеккері»,- делінген баспасөз хабарламасында.

Айта кетейік, облыста барлығы 6300 адам дәрі-дәрмекті жеңілдікпен алады. Ал 4 мыңнан астам адамға коммуналдық қызмет төлемдеріне жеңілдік берілген. Жыл сайын 1 мамырдан 31 мамырға дейін Қазақстан Республикасының жолаушылар және қала маңы пойыздарындағ ТМД елдері аумағында ҰОС қатысушылары мен мүгедектері үшін тегін билет беріледі. Жоспар бойынша биыл 1342 ардагерге 4,9 миллион теңгеге қайырымдылық көмек көрсетіледі.

Соңғы жаңалықтар