Ақтөбелік шебер жапыраққа Қайрат Рысқұлбековтың портретін салды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбелік шебер Алтынбек Сейдалиев Тәуелсіздік күні қарсаңында Халық қаһарманы Қайрат Рысқұлбековтың портретін салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысы, Алға ауданынында тұратын Алтынбек Сейдалиев бұған дейін әнші Димаш Құдайберген, боксшы Геннадий Головкиннің портретін салған болатын. Бұған дейін хабарлағанымыздай, шебер бірегей технология арқылы жапырақты шайға қайнатып, бастырады, кейін микроскоппен сурет салады.

«Тәуелсіздік күніне орай Қайрат Рысқұлбековтың суретін салдым. Мен кез келген адамның портретін салмаймын, бәрі жүрек қалауыммен, таңдауыммен болады. Әрі сурет салған кезде жаным тыныштықты қалайды, ешкім кедергі келтірмейді»,- деді Алтынбек Сейдалиев.

Шебер алдағы уақытта кімдердің портретін салатынын айта алмады. Себебі, ол жапыраққа портрет салар кезде ешқандай жоспар құрмайды. Гүл сататын дүкендерге барып, жапырақ таңдағанды ұнататын ол музейге бұйымдарын тапсырмаған. Бәрі өзінде, мектепте сақтаулы. Ал арнайы жасалған портреттер көбіне сыйға беріледі.

Соңғы жаңалықтар