Ақтөбелік полицейлер 25 жылдыққа арнап бейнебаян түсірді

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбелік полицейлер Қазақстан полициясының 25 жылдығына арнап бейнебаян түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облыстық ішкі істер департаментінің 25 жастағы қызметкерлері әріптестеріне арнайы сый жасады. Олар бала күнгі арманына қол жеткізіп, 25 жылда үлкен белесті бағындырды.

«Бейнероликтің сюжеті бойынша жол апатына түскен баланы сақшы құтқарады. Қол ұшын беріп, көмектескен полиция қызметкері сол кезде балаға ой салып, қиялын ұштайды. Бала полиция қызметкері атанып, өзі адамдарға көмек беруді ойлайды. Бұл бейнебаянда балалық шақ, оқу, тәжірибе жинауы, полиция қатарына жұмысқа алынуы көрсетілген»,- деді облыстық ІІД баспасөз жетекшісі Нұргүл Қонақбаева.

Айта кетейік, бейнебаянға арналған әннің сөзін ақын Сәтжан Дәрібай, әуенін ақтөбелік композитор Орал-Қосай Бәйсеңгір жазған. «Жаса, сақшы, сарбаздар» әні кезінде ақтөбелік көлік жүргізушілері «25» санын құрап, тәртіп сақшыларын кәсіби мерекесімен құттықтады. 

Соңғы жаңалықтар