Ақтөбелік полицей жүргізуші куәлігін алатындардың емтиханын өзі тапсырып келген

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбелік полицей Нұрдәулет Саршин қызметтік өкілеттілігін асыра пайдаланып, жүргізуші куәлігін алмақ болған адамдардың орнына емтихан тапсырып келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысы, Мұғалжар аудандық соты Әкімшілік полиция бөлімі, тіркеу-емтихан алу тобының аға мемлекеттік көлік инспекторы Нұрдәулет Саршинге қатысты қылмыстық істі қарады.

Іс материалына сүйенсек, полиция капитаны қызметтік өкілеттілігін асыра пайдаланып, 2017 жылдың желтоқсаны мен 2018 жылдың қаңтары аралығында бірнеше адамның орнына «емтихан» тапсырған. Мәселен, 2017 жылдың қараша айында бұрын 9 айға жүргізуші куәлігінен айырылған Б.Байғараев танысы К.Рахимовқа, ол танысы Ашықбаевқа ақша беріп, кейін соңғысы 20 мың теңге мен құжаттарды полиция қызметкеріне береді. Кейін айыпталушы А.Саршин барлығы 40 сұрақтың 36-на дұрыс жауап беріп, емтиханнан өтеді. «Емтиханнан өтті» деген құжатты алып, қол қойып, иесіне қайтарады. Кейін осы жолмен Н.Нұрбаев, Е.Әуезов, О.Замирайло, Е.Қарашаев, Ж.Жаманов, М.Баймұрзин, Д.Есжанов, Б.Тілеубаев, К.Сатыбалдин, Д.Жанәділов мен В.Гельвихке құжат жасап берді. Бірақ Мұғалжар аудандық ішкі істер бөлімінде жүргізуші куәлігін алатын адамдардың емтихан парақшасы мен теориялық емтихан тапсырғаны туралы ешқандай құжат тіркелмеген. Қылмыстықтық істі қарау кезінде айыпталушы Нұрдәулет Саршин процессуальды келісімге келіп, өзіне тағылған айыпты мойындады.

Мұғалжар аудандық соты айыпталушы Нұрдәулет Саршинді Қылмыстық кодекстің «Лауазымдық өкілеттіліктерді теріс пайдалану», «Қызметтік жалғандық жасау» баптары бойынша айыпты деп танып, екі жылға бас бостандығынан шектеу жазасын тағайындады. Ол өмір бойы мемлекеттік және құқық қорғау саласында жұмыс істей алмайды. Сонымен қатар, полиция капитаны шенінен айырылды. 

Соңғы жаңалықтар