Ақтөбелік қыз-келіншектер бизнес бастады

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбенің Темір ауданындағы қыз-келіншектер бизнес жобаларды іске асырып жатыр. Қыз жасауын дайындап, ешкі сүтін сатуды қолға алғандар кәсібін жандандырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысының Темір ауданындағы қыз-келіншектер «Бизнес бастау» жобасы аясында несие алып жатыр. Мәселен, Гүлшара Шутенова қыз жасауын дайындайды. Ал оның күйеуі Болат Сағындықов ағаштан ыдыс-аяқ жасайды. Жоба аясында бизнес бастаудың қыр-сырын үйренген Гүлшара Шутенова қазір тапсырыстың көбейгеніне қуанып отыр.

«Ауылда тапсырыс өте көп. Үйіміздің бір бөлмесін жұмыс кеңсесі етіп жасақтап, шаруамызды жүргізіп отырмыз. Бір түсінгенім, кез келген жаста бизнесті бастауға болады екен. Мен бұл кәсібімді балаларыма мирас етіп қалдырғым келеді»,- деді кәсіпкер.

Ал Шұбарқұдық ауылының тұрғыны Гүлшара Алдашева ешкі сүтін сатады. Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы несие алған кәсіпкер Ресейден Зааненкий тұқымды ешкі сатып алған. Әр ешкі күніне 7 литр сүт береді.

«Зааненский ешкісі күніне 7 литр сүт береді. Үш рет сауып, сүтін ауыл тұрғындарына сатып отырмыз. Ешкі сүтіне сұраныс жоғары. Көбі денсаулыққа пайдалы, емдік қасиеті мол деп сатып алады. Балаларына да береді. Сонымен қатар, ешкі сүтінен жасалған құрт, ірмішікке сұраныс бар. Алдағы жылдары шаруашылықты кеңейтеміз»,- деді Гүлназ Алдашева.

Айта кетейік, «Бизнес бастау» жобасы аясында Ақтөбенің Темір ауданында 100-ден астам адам білім алды. Олардың 23-і бизнес жобасын қаржыландырды.

null

Соңғы жаңалықтар