Ақтөбелік кәсіпкерлер балаларға Наурыз мерекесін ұйымдастырды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде Наурыз мерекесіне орай аз қамтылған отбасы балаларына дастарқан жайылып, ойын-сауық орталықтарында демалуға мүмкіндік жасалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе қаласындағы ұлттық ат спорт түрлері бойынша балалар мен жасөспірімдер мектебінің тәрбиеленушілері бүгін қаланың бас даңғылымен жүріп өтті. Керуенге мінген қыз-жігіттер ән айтып, атты жігіттер қала тұрғындары мен қонақтарға мерекелік көңіл-күй сыйлады. Сонымен қатар, қаланың шағын саябақтарында Наурыз мерекесіне орай концерт ұйымдастырылып, ұлттық спорт дәріптелді. Ал ақтөбелік кәсіпкерлер барлығы 5 мың балаға қуаныш сыйлады.

«Әрбір мемлекеттің болашағы балаға байланысты. Сондықтан әр мемлекет балаларының жақсы білім алып, денсаулықтары мықты болуы үшін барлық жағдайды жасайды. Тәуелсіздік алған жылдан бастап Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен балаларға көп көмек берілді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында биыл Ақтөбеде Балалар жылы деп жарияланды. Мақсатымыз - барлық мүмкіндікті пайдаланып, Ақтөбе облысының балаларына жағдай жасау. Балалар өз замандастарынан кем болмауы тиіс. Білім алып, өнер, мәдениет, спортпен айналысу керек. Мектеп, балабақша, мәдениет, спорт нысандарының бәрі балаларға арналған. Әрбір ата-ананың арманы -баланың қуанышы. Бүгін Ақтөбенің барлық ауылында үлкен іс-шара өтіп жатыр. Ең алдымен аз қамтылған отбасы, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған, жақсы оқитын, үздік балаларға мереке сыйлаймыз. Кәсіпкерлерге алғысымызды айтамыз. Акцияға әрбір ақтөбелік азамат, кәсіпкер қатысып, көмек берсе, баланы көп қамти аламыз. Әрбір бала үлкендердің қамқорлығын сезінуі тиіс»,- деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

null  

Айта кетейік, Ақтөбе қаласындағы кәсіпкерлер аз қамтылған, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған, озат, үлгіні балаларға дастарқан жайып, оларға мерекелік сый жасады. «Бақытты бала - Мәңгілік ел» акциясы аясында балалар тегін мультфильм тамашалап, облыс әкімі Бердібек Сапарбаев оқушыларға 100 кітап сыйлады. Барлығы 100-ден астам бала мұз айдынында тегін сырғанап, арнайы концертті тамашалады. 

null null null null null null null 

Соңғы жаңалықтар