Ақтөбелік дәрігерлер таңдайы жоқ төрт айлық сәбидің отбасын бақылауға алады

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбедегі су тасқыны кезінде баспанасыз қалып, мектепті паналаған Қырқынбаевтар әулетінің кішкентайы Айым Дулатбекқызын дәрігерлер бақылауға алады. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбедегі су тасқыны кезінде салқын тиіп, қызуы көтерілген балалар ауруханаға жатқызылып, емделді. Араларында шешек ауруына шалдыққан балалар да анықталды.

«Су тасқыны кезінде медицина қызметкерлері белсенді жұмыс істеді. Әрбір мектепте кезекші болды. Саяжайға қоныстанғандардың көбі ауылдан көшіп келіп, тіркеуге алынбаған екен. Біз әрі қарай есепке алу жұмысын жалғастырамыз», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев.

Ал су тасқыны кезінде отбасы баспанасыз қалып, мектепке қоныстанған, кейін пәтер жағалап кеткен Қырқынбаевтар әулетінің кішкентайы Айым Дулатбекқызын дәрігерлер өз бақылауына алатын болды. Таңдайы жоқ 4 айлық сәби ана сүтімен емес, дайын езбемен қоректенеді. Ол осы уақытқа дейін өзіне тиесілі тегін тамақты алмай келген.

«Емхана оған медициналық көмек көрсетеді. Егер есепке алынса қажет дәріні беріп, қосымша тамақтандырады»,- деді Әсет Қалиев.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Айым Дулатбекқызының туа бітті таңдайы жоқ . Дәрігерлер жасанды таңдай салу отасы туралы нақты ақпарат бермеген.

 

Соңғы жаңалықтар