Ақтөбелік дәрігерлер есінен танып қалған жұмысшының жағдайын айтты

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ бір жұмысшысы қаза болып, біреуі ауруханада ем қабылдап жатыр. 46 жастағы жұмысшы есін жиды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кеше кешкілік кен орнындағы сорғының жұмысын қарап жүрген екі слесарьдың бірі қаза болып, бірі ауруханаға түсті. Бұған дейін хабарлағанымыздай, техникалық су айдайтын сорғыдан газ бөлінген. Қазіргі уақытта Кеңқияқ ауылдық ауруханасында ем қабылдап жатқан науқасқа аудан орталығынан реаниматолог дәрігер жіберілді. Ақтөбе облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі дәрігердің бақылауындағы сырқаттың жағдайын хабарлады.

«Зардап шеккен азаматқа жедел медициналық көмек көрсету үшін Кеңкияқ ауылдық ауруханасына Темір ауданынан реаниматолог дәрігер жіберілді. Науқас есін жиды, жағдайы орташа. Барлық сұрақтарға жауап бере алады. Оның денсаулығы үнемі бақылауда болады» - деді Темір аудандық аурухананың бас дәрігері Есентемір Демегенов. 

Соңғы жаңалықтар