Ақтөбедегі жол-көлік апатында Өзбекстанның тоғыз азаматы қаза тапты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысында автобустың аударылуы салдарынан тоғыз адам қаза тапты. Бұл туралы Қазақстан Республикасы ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов хабарлады.

2017 жылдың 22 маусым күні 10 сағат 20 минутта Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданында «Самара-Шымкент» тасжолының 946 шақырымында, Қарабұтақ кентінен 20 шақырым жерде «Мерседес» маркілі 2 қабатты жолаушылар автобусы аударылды. Автобуста 52 адам болған, оның 50-і Өзбекстан азаматы және екеуі ҚР азаматы екендігі анықталды. Автобус РФ Волгоград -Шымкент бағыты бойынша жүріп келе жатқан.

Автобустың аударылуы салдарынан - 9 адам (Өзбекстан азаматтары) қаза тауып, 18 адам (17 Өзбекстан азаматы мен 1 ҚР азаматы) - ауруханаға жеткізілді; 25 адамға оқиға орнында медициналық көмек көрсетілді.

«Қауырт желі» телефондары ұйымдастырылды. Ақтөбе облыстық ТЖД-да - 8-713-2- 56-29-62, Әйтеке би аудандық ТЖБ-да 8-713-39-2-56-45.

Соңғы жаңалықтар