Ақтөбедегі су тасқыны: 64 жанұя жаңа баспана салып алды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде көктемгі су тасқыны кезінде үйсіз қалған адамдардың бір бөлігі жаңа баспаналарына қоныстанды. Өңір басшысы Бердібек Сапарбаев оларды масыл болмай, жұмыс істеуге шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе қаласындағы Қурайлы ауылынан жер телімін алған 81 отбасының 64-і құрылыс жұмыстарын аяқтап, жаңа үйлеріне қоныстанды. Өзгесі ағайын-туыстарының үйін, уақытша баспананы паналап отыр. Жер телімі беріліп, құрылыс жұмыстары аяқталған соң, коммуналдық кәсіпорындар газ, су, электр тоғын тегін тартып берді. Ал жұмыссыз  адамдардың бір бөлігі ауыл маңынағы жылыжайға жұмысқа орналасты.
null 

«Мен көпбалалы анамын. Үйіміз құлап, 8 жан жаз бойы құрылыс басында жүрдік. Жер телімін алып, қаржылай көмек берілген соң, екі қабатты үй салып алдым. Өзім жылыжайда жұмыс істеймін. Еңбекақымыз - 55 мың теңге», - деді Қурайлы ауылының тұрғыны Жанна Абдиева.

Ауыл маңындағы жылыжайда барлығы 34 адам жұмыс істейді. Әлі 17 адамға жұмыс керек.

«Қыста жер алып, көктемде егін егуге кірісу керек. Сонымен қатар, мемлекеттік бағдарламалармен мал алып бағуға болады. Жайылым бар. Ешкім масыл болмауы керек. Балаларды да шаруашылыққа үйреткен дұрыс», - деді Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев.
null 

Кейін аймақ басшысы құрылыс жұмыстары кезінде газ, су, жарық желісін жеткізген компанияларға алғыс айтты.

Айта кетейік, көктемгі су тасқыны кезінде Ақтөбеде 100-ден астам үй қирап, кәдеге аспай қалған болатын. Сол кезде құрылған «Қолқанат Ақтөбе» қорына 253 миллион теңге жиналды. Жер телімі берілген адамдарға 1 миллион теңгеге құрылыс материалдары жеткізілді.  
null  null 

Соңғы жаңалықтар