Ақтөбеде жас жігітті атып кетті

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе қаласында 29 жастағы жігіт оқ жарақатынан көз жұмды. Полиция күдіктіні таба алмай жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сәуірдің 20-нан 21-іне қараған түні 29 жастағы қала тұрғыны бірнеше оқ жарақатынан көз жұмды. Жедел жәрдем жас жігітті темір жол ауруханасына жеткізіп, дәрігерлер жасанды жолмен тыныс алдыру үшін барлық мүмкіндікті пайдаланған. Бірақ, Жандос Жарболовты аман алып қалу мүмкін болмады. Дәрігерлер кеудесіне көп оқ тиген деп отыр. Марқұм Сүт зауыты ауданынан жеткізілген.

«Жедел жәрдем бригадасы түнгі сағат 2:10-да Жандос Жарболовты жеткізді. Кеуде тұсына, ішіне, оң және сол жақ иығына оқ тиген. Ауруханаға әкелген кезде тыныс алған жоқ. Өкпесі мен жүрегі тоқтаған, көз қарашығы үлкейген. Жан сақтау бөлімінің дәрігерлері, реаниматолог, кезекші дәрігер жүрегі мен кеудесіне реанимация жасады. Еш нәтиже берген жоқ. Түнгі сағат 2:30-да науқастың өлімі тіркелді»,- деді Темір жол ауруханасы бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Гүлмира Құлжанова.

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі осы оқиғаға баланысты Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру» бабы бойынша іс қозғалып, жедел тергеу тобының құрылғанын мәлімдеді. Бірақ күдікті ұсталған жоқ. Тергеу басталды. 

Соңғы жаңалықтар