Ақтөбеде жаңа 9 мектеп іске қосылады

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе мектептері жаңа оқу жылына 95 пайыз дайын. Қазіргі уақытта кейбір мектептерде күрделі жөндеу жұмыстары аяқталып келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе мектептерінің жаңа оқу жылына дайындығын бүгін облыстық білім басқармасының басшысы Сәуле Өмірбекова тексерді. Олардың арасында үшауысымда білім беретін №41 орта мектеп те бар. Мұнда барлығы 600 оқушы білім алады. Балалардың тең жартысы тасымалданады.

«Бұрынғы балабақша ғимараты мектепке сай қайта жабдықталған. Мұндағы жертөледе би кабинеті, кітапхана бар. Би алаңы спорт-зал болып есептеледі. Биыл мектептің жылу жүйесі толық жаңартылды. Ал келер жылы көктемде жаңа мектепке көшіп, қазіргі білім ордасы қайтадан балабақша болады»,- деді мектеп директоры Айжан Оразалина.
null

Айта кетейік, Ақтөбе облысындағы мектептер жаңа оқу жылына 95 пайыз дайын. Кейбір оқу орындарында шағын жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. «Қазіргі кезде 25 мектептің құрылысы жүргізілуде. Бұл апатты, үш ауысымды мектептертің мәселесін шешуге бағытталған жұмыс. Қыркүйекте 9 мектеп пайдалануға беріледі. Жыл соңына дейін тағы 5 мектептің құрылысы аяқталуы тиіс. Есеп бойынша барлығы 16 мың бала бірінші сыныпқа барады. Қазіргі кезде қазақ сыныптарына орыс тілі мен әдебиетінен, бастауыш сыныпқа орыс тілі пәнінен сабақ беретін мұғалім қажет болып тұр. Кейбір ауылдарға химия, физика пәнінің мұғалімдері қажет»,- деді Ақтөбе облыстық білім басқармасының басшысы Сәуле Өмірбекова.
null

Айта кетейік, Ақтөбе облысы биыл оқулықтарға 1,2 миллиард теңге қаржы бөлді. Байғанин, Мәртөк аудандарына кітаптар таратылып жатыр. Ал Ақтөбе қаласына қажетті оқулықтар бүгін жүк көлігімен жеткізілді.

null

 

Соңғы жаңалықтар