Ақтөбеде заңсыз қару айналымы тексерілді

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде шаруа қожалықтары тексеріліп жатыр. «Қару» алдын-алу шарасына 400-ден астам полиция қызметкерлері жұмылдырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Ақтөбеде ұрланған және жоғалған қару-жарақты іздеу мақсатында «Қару» алдын-алу шарасы өтіп жатыр. Барлығы 33 жұмыс тобы құрылып, полиция қызметкерлері шаруа қожалықтарын тексеріп, жоғалған бір қаруды тапты.

«Полиция қызметкерлері 200-ден астам шаруа қожалығын тексеріп, заңсыз айналымнан 6 тегіс ұңғылы қару алынды. Тексеру кезінде жоғалған 1 қару табылды. «Қару» алдын-алу шарасы кезінде полиция қызметкерлері Байғанин ауылындағы ауыл тұрғынынан белгісіз маркілі тіркелмеген мылтықты тәркіледі»,- деді облыстық ІІД-нің баспасөз қызметкері Нұргүл Қонақбаева.

Тексеру кезінде қаруды сақтау, тіркеу және есепке алу ережесін бұзған 228 дерек анықталып, олар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Айта кетейік, Ақтөбеде бүгін қару сатып алу акциясы басталды. Акция кезінде кез келген тұрғын әкімшілік, қылмыстық жауапкершіліктен босатылады. Белгілі болғаны, травматикалық, газ және теріс ұңғылы қару тапсырғандар 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде ақша ала алады.

Соңғы жаңалықтар