Ақтөбеде үш жыл бұрын берілген тұрғын үйдің төбесінен су ағып тұр

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе қаласында мемлекеттік бағдарламамен берілген үйдің төбесінен су кетіп тұр. Тұрғындарға қалалық әкімдік көмектеседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2014 жылы «Қолжетімді баспана» мемлекеттік бағдарламасымен пәтерді несиеге алған ақтөбеліктер екі жылдан бері күз бен көктемнің жаңбырынан зардап шегіп отыр. Жаңбыр жауған сайын «Юнис сити» тұрғын үй  кешеніндегі 7-8 қабатты үйлердің төбесінен су кетеді. Қазіргі күні лифт істемейді, подьезде жарық жоқ. Коммуналдық мәселелердің қиындығын айтқан тұрғындар бірнеше мәселенің шешімін күтіп отыр.

«Көпқабатты үйде лифт істеп тұрды, жарық та болды. Алғашқы жылы жаңа баспананы алғанымызға қуанып, риза болған едік. Бірақ екі жылда қуанышымыз қайғыға айналды. Мен күніне 5-6 рет жоғары көтеріліп, төмен түсемін. Қолымда кішкентай балам бар, оқушыларды мектептен күтіп аламын. Себебі, подьезд қараңғы, балаларым қорқады», - деді тұрғын Ақтоты Жолмағамбетова.
null

Қазіргі күні мемлекеттік бағдарламамен пәтер сатып алғандар несиеге ай сайын 45-95 мың теңге төлеп отыр. Олар несиені 20 жыл бойы өтейді. Пәтер иелері кооперативіне жарық, лифттің ақшасын төлеп, келісім шартқа отырды. Ал ПИК есепшотына түскен қаржы коммуналдық мекемелерге берілуі тиіс болатын. Бірақ екі арада ПИК бұл қаржыны төлемеген, өзінде сақтаған. Қазіргі қарыз 5 миллион теңгеге жетті.
null

«Коммуналдық мекемелердің ақшасын арнайы компанияға беріп отырған едік. Олар ай сайын ақша жинайды. Бізде түбіртек бар, коммуналдық төлемдеріміз өтелген. Бірақ соңында тағы тұрғындар берешек болып отыр»,- деді Арман Ахметов.

«Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары «Самұрық Қазына» АҚ өкілімен, ПИК төрағасы, тұрғындармен кездесу өткізді. Бұл үйлерге жылу берілді. Негізінен тұрғындар ортақ коммуналдық желілерді пайдаланып, кейбірі төлемдерді өтемеген. Тұрғындар жарыққа, жылу тарату қазандығына арналған газға, лифт қызметіне берешек болып отыр. Қарыздың бәрін тұрғындар өтеуі тиіс. Берешек 5 миллион теңгеге жеткен екен. Нақты кімдердің қарыз екені анықталады. Жарық таратушы мекеме есептеу құралдарын тексеруге кірісті,- деді Ақтөбе қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Хайдар Ермашев. 
null

Соңғы жаңалықтар