Ақтөбеде үлкен цех өртенді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтөбеде қойма мен жонғыш цех орналасқан екі қабатты ғимарат өртенді. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

«21 сәуір күні 04:40-та Ақтөбе облысындағы жол құралдарына металл бөлшектер өндіретін «Адал Тау» ЖШС аумағында қойма мен жонғыш цех орналасқан екі қабатты ғимарат шатырынан өрт шықты. Өрт аумағы 500 шаршы метрге дейін таралды», - делінген Төтенше жағдайлар комитеті таратқан хабарламада.

Тілсіз жау 6:30-да ауыздықталған және 07:10-да толық сөндірілген.

Өрт салдарынан ешкім зардап шекпеген. Қазір оқыс оқиғаның себебі анықталып жатыр.
Комитеттің хабарлауынша, жалынды сөндіруге отыздан астам өрт сөндіруші мен 8 арнайы техника жұмылдырылған. Сонымен бірге, өрт орнына апаттар медицинасы орталығы мен Төтенше жағдайлар комитетінің бригадалары шақырылған.

Соңғы жаңалықтар