Ақтөбеде тасқын судың деңгейі төмендеді

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысында су тасқынының жағдайы жақсарып, оның залалын азайту жұмыстары жалғасын табуда. Соңғы тәулікте 47 саяжайлық үйлер мен аулаларды су басты. 

397 адам (соның ішінде 29 бала) эвакуацияланып, 1 адам құтқарылды. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов хабарлады.

Кеше сағат 09:20-да Ақтөбе қаласы Кеңес Нокин атындағы кентте Қарғалы өзеніндегі су деңгейінің көтерілуі салдарынан «Надежда» бағбандық ұжымында саяжайлық үйлерді су басу қаупі төнді. Құтқарушылардың күшімен 11 адам, соның ішінде 5 бала эвакуацияланып, бекеттерге жайғастырылды.

13:35-те Садовый кентіндегі «Солнышко»,  «Нефтянник» бағбандық ұжымында 47 саяжайлық үйлер мен аулаларды су шайып кетті. 364 адам, соның ішінде 18 бала эвакуацияланып, 500 ыдысқап төселді. 50 адам бекеттерге орналастырылса, қалғаны туыстарына жеткізілді.

16:00-де Ақтөбе қаласы Украинка кентінде Қарғала өзенінің арнасынан асуы салдарынан «Тау» демалыс базасын су алды.Жедел-құтқару жасағының көмегімен 1 адам құтқарылды.

Акжар-1 кентінде, «Нефтянник - 4»,  «Буровик»,  «Солнышко» бағбандық ұжымдарында апаттық-құтқару жұмыстары жүргізілді. Саяжайларда су тасқыны орын алғалы бері 1907 адам, өткен тәулікте 397 адам эвакуацияланды.

Ақтөбенің бірқатар аудандарын шайған үлкен көлемдегі судың деңгейі қазіргі таңда төмендей бастады. 

Соңғы жаңалықтар