Ақтөбеде су тасқыны салдарынан 300-ге жуық адам қауіпсіз жерге көшірілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  Ақтөбеде Ілек өзенінде су деңгейі көтеріліп, «Госсветсеть», «Қарғалы» және «Ақсуат» бақша ұжымының ауласын және саяжайды су басты, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

null

ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов хабарлағандай, 300-ге жуық адам эвакуацияланды. Екі мектепте 23 эвакуациялық пункт құрылды. Онда 53 адам бар, 12-сі бала. 248 адам туыстарының үйіне жеткізілді.

null  

 «Аулаларды аралау жұмыстары жүргізілуде. Ілек өзенінің екі жағасында  да хабарландыру тобы жұмыс істеуде. Қоғамдық тәртіп күзеті ұйымдастырылды. Әлеуметтік желі, телевидение арқылы хабарланып, смс-хабарлама жіберілуде, бақылау посттары қойылды», - деді Иманқұлов.

null 

Су тасқынын жоюға ҰГ, Жергілікті полиция қызметі және жергілікті атқарушы органдардан 500-ден астам адам жұмылдырылды.

nullnull null null 



Соңғы жаңалықтар