Ақтөбеде шенеуніктер ұзын-сонар кезекке тұрды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтөбеде облыс әкімдігіндегі кеңестен кейін киімдерін алуға барған шенеуніктер мен мемлекеттік қызметкерлер дәлізде кептеліп, қозғала алмай қалды. Бұл жайында «Диапазон» жазып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Егде жастағы адамдар мен әйелдер өздерінің сырт киімдерін алу үшін алға қарай әрең дегенде жылжып жатыр. Кезектен шыққысы келгендер жан-жағында топтасып қалғандарды қақ жарып өтуге барынша талпынумен болды.

«Әкім мырзалар, бұл жерде элита жиналып отыр ғой, осылайша әрекет жасауға болмайды»,-деді дәлізде қозғала алмай қалған қатысушылар.

Осы қарбалас кезінде кейбіреулері бас киімдерін де жоғалтып алған көрінеді. Сырт киімді алғаннан соң, шығатын есікке қарай жылжу да оңайға түспеді. Себебі, кезегінен айырылғысы келмегендер қарсы келе жатқандарға жол бермей, әлекке салды.

 

 

Соңғы жаңалықтар