Ақтөбеде мұнай ұрлығымен айналысқан топтың аты-жөндері белгілі болды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде құқық қорғаушылардың қолдауымен бірнеше жыл бойы мұнай ұрлап сатқандардың ісі 20 қараша күні сотта қаралады. Ұйымдасқан қылмыстық топ құрды, мұнай ұрлады деп айыпталғандардың саны 26-ға жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өткен жылы қыста Алматы мен Ақтөбе қалаларында ұйымдасқан қылмыстық топ құрды, мұнай ұрлады деген күдікпен «ағайынды төртеу» лақап атымен белгілі Еркін Ізбасар, 5 жыл бойы Ақтөбе облыстық ІІД басшысының орынбасары болған Рахат Аханов ұсталған болатын. Бір жыл бойы іс тергеліп, күдіктілер қамауға алынды.

Бұған дейін хабарлағанымыздай , прокурорлар мен Ұлттық бюро істі тергеп, сотқа жіберді. Оларға Қылмыстық кодекстің «Мұнайдың және мұнай өнiмдерiнің шығарылу заңдылығын растайтын құжаттарсыз оларды тасымалдау, иемдену, өткiзу, сақтау, сондай-ақ мұнайды қайта өңдеу», «Ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу» баптары бойынша айып тағынды.

Айыпталушылардың аты-жөндері толық белгілі болды. Олар: Адайбек Сәрсенов, Нұрболат Қайырбаев, Айбек Тілеуғазиев, Аухат Қалиев, Мұханбет Шаулетов, Еркін Ізбасар, Болатбек Бекетов,  Жандос Ақмағамбетов, Жангелді Өтегенов, Руслан Дермұханов, Амандос Есенғалиев, Бекжан Құлтаев, Нұрлан Ноғаев, Саясат Дүсіпов, Сүлеймен Сүгірбаев, Мұрат Тұржанов, Сергей Савченко, Біржан Аманқұлов, Ербол Тектіғұлов, Қайыркелді Ізтұрғанов, Нұрлыбек Тонтаев, Жанат Тектіғұлов, Кәдіржан Пангерейұлы, Мұрат Қуанышев, Рахат Аханов, Қартжан Қалдымұрат. 

Соңғы жаңалықтар