Ақтөбеде қонақжайлылықпен табыс табудың жолдары түсіндірілуде

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат -Ақтөбеде ауыл тұрғындары келген қонақты күтіп, табыс таба алады. Ішкі туризмді дамытуға бағытталған жұмыс биыл басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысындағы 12 ауданда киелі жерлер бар, табиғаты ерекше орындар демалуға ыңғайлы. Қаланың қарбалас тіршілігінен шаршаған кез келген адам ауылда танысы мен туысы болмаса, барып, емен-жарқын жүре алмайды. Сондықтан ішкі туризмді дамытып, ауылдан қонақ үй дайындау қарастырылған. Бұл үшін арнайы құрылыс жұмыстарын жүргізудің қажеті жоқ. Үй жұмысымен айналысып отырған кез келген адам баспанасының 2 бөлмесін жалға беріп, үш мезгіл тамағын дайындайды. Әрі қазақтың ұлттық тағамдарын ұсынып, атқа міну, тарихи орындарды аралау, мұражайдағы құнды заттармен таныстыру сияқты қызметтерді көрсете алады.
null null 

«Біз ауыл тұрғындарын, кәсіпкерлерді жинап, кездесу өткізіп жатырмыз. Облыстағы 12 ауданда да ішкі туризмді дамытуға мүмкіндік бар. Қазіргі күні қала тұрғындары отбасымен демалып, ауыл тіршілігімен танысқысы келеді. Сұраныс бар, соған сәйкес қызмет көрсету сапасын дамытуды көздеп отырмыз. Биыл ауыл адамдары жеке кәсіпкер болып тіркелмейді. Олар бізден арнайы тапсырыс алып, қажет тағамды дайындайды, жатын орынмен қамтамасыз етеді»,- деді «Зере тур» компаниясының директоры Ботагөз Крамбаева.
null 

Айта кетейік, орта есеппен ауылдағы үйге бір күн түнеу 3 мың теңге болады. Оған үш мезгіл тамағы кіреді.

«Ақтөбенің Байғанин, Ойыл, Шалқар, Қобда секілді малды ауылда табиғи өнімге сұраныс болады. Туристер ауылға барып, олардың шын өмірімен танысады, араласады. Бұл жолы қазақтың қонақжайлылығы табыс әкеледі. Құрт-ірімшік, айран, шұбат пен қымызын ұсынып, сата алады. Бұл отбасылық бизнес те бола алады. Үйдегі қыз-келіншектер дастарқан дайындаса, балалары атқа, түйеге мінуді үйретеді, киелі жерлерді аралайды. Бұл істі қолдап, үйін дайындап отырған ауыл тұрғындары жеткілікті»,- деді Б.Крамбаева.
null 

Қонақ күтетін адамдар өз үйінің бірнеше бөлмесін дайындап, жатын орны мен дастарқанға қоятын тағамдарының тізімін жасайды. Туристерге арнайы кереует беру міндетті емес. Келген қонақтарға төсек жерге салынады.

«Ішкі туризм кез келген адамға қолжетімді болуы тиіс. Қазақстанда 150 үй қонақ күтеді екен. Ал Ақтөбеде мүлде жоқ. Біз осы олқылықтың орнын толтырып, ішкі туризмді дамытуымыз керек. Сұраныс бар, біз енді ұсынысымызды түгелдейміз. Адамдар естісе, жазғы демалысын жоспарлай алады. Ауылды білмейтін қала балалары үшін бұл таптырмас сапар болады»,- деді ол.  

null

Соңғы жаңалықтар