Ақтөбеде кәсіпкерден пара алу кезінде жергілікті полиция бастығы ұсталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтөбеде жеке кәсіпкерден пара алмақ болған жергілікті полиция қызметінің бастығы ұсталды. Бұл жайында ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ақтөбеде облыстық ІІД Өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері жеке кәсіпкерден бизнесіне қамқорлық жасағаны үшін пара алу барысында Елек аудандық ІІБ жергілікті полиция қызметінің бастығы Н.Алдамжаровты ұстады. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - деді ол. 

Сонымен қатар, Алмас Садубаевтың айтуынша, Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты ауылдардың бірінде кеше белгісіз 4 адам  кәсіпкердің үйіне қарақшылық шабуыл жасаған.

«Олар шолақ мылтықпен және пышақпен отбасы мүшелерін, оның ішінде кәмелетке толмаған балаларды қорқытып, жарты миллион теңгеден астам ақшаны алып кеткен. Қазіргі уақытта қылмыскерлерді ұстау шаралары жүргізіліп жатыр», - деді Алмас Садубаев.

Соңғы жаңалықтар