Ақтөбеде ФИФА стандартына сай балаларға арналған футбол кешені ашылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтөбеде алаңы 8 мың шаршы метрлік балаларға арналған футбол-жаттығу кешені ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімдігіне сілтеме жасап.

Нысан мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында жүзеге асырылды. Ол жиырма жылдан астам уақыт бойы иесіз тұрған фабрика ғимаратына орналасты. Оны қайта қалпына келтіруге, футбол алаңдарын орналастыруға, техникалық жəне өзге де жөндеу жұмыстары үшін инвестор 300 млн теңге бөлді. Енді мұнда күн сайын 500-ге тарта бала спортпен шұғылдана алады.

Кешеннің ашылуына облыс əкімі Бердібек Сапарбаев қатысты.
null

null 

«Қазақстанда, соның ішінде Ақтөбеде футболды дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Бұл мәселеде балалар мен жасөспірімдер футболын дамытудың қаншалықты маңызды екенін түсінеміз жəне облыстың барлық елді мекендеріндегі балалардың футбол ойнауға мүмкіндіктері болғанын қалаймыз. Сонда ғана біз дарындарды анықтап, танымал спорт түрінің отандық жұлдыздарын өсіре аламыз. Осы мақсатта облыстың барлық аудандарында 2016 жылдан бастап "Ақтөбе" футбол клубының бөлімшелері ашылды. Спорт инфрақұрылымдарын дамыту жалғасып жатыр. Бір жыл бұрын мұнда иесіз тұрған ғимарат болатын, ал бүгінде бес футбол алаңы орналасқан. Біз футболды əрқашан қолдап келдік жəне қолдауды жалғастырамыз»,-деді аймақ басшысы.

Өңірдегі футболды қолдауға жеке инвесторлар да ниетті. Мемлекет оларға өз тарапынан мемлекеттік-жекеменшік серіктестіктің механизмдері арқылы барынша қолдау көрсетуде.
null 

«Бұл нысан бес бірдей алаңы бар және ФИФА-ның халықаралық стандарттарына сәйкес келетін Қазақстандағы жалғыз жабық кешені. Келешекте мұнда тек жас футболшыларды жаттықтырып қана қоймай, түрлі жарыстар да өткізуге болады», - деп атап өтті жеке инвестор өкілі Асқарбек Мамырбаев. 

Облыстық спорт жəне дене шынықтыру басқармасының мəліметінше, 2016 жылы облыста футболмен айналысатын 8 мыңдай бала болған. Қазіргі таңда олардың саны 12 мың балаға артты. Былтыр өңірде барлығы 32 футбол алаңы ашылған.
null 

 

Соңғы жаңалықтар