Ақтөбеде емхана мейірбикесі ерсі қылығы үшін жазасын алды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе қаласындағы №2 емхана мейірбикесі өзінің ерсі қылығы үшін жазасын алды. Әлеуметтік желі арқылы шу тудырған оқиғадан соң ақ халатты барлық сыйақыдан қағылып, тәртіптік жазаға тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Ақтөбе қаласындағы емханалардың бірінде болған оқиға көпшіліктің пікірін екіге бөлді. Бірі дәрігердің жүйкесіне тиіп, телефонын қосқан адамды кінәлі деп айтса, екіншісі ашуға булығып, өз эмоциясын тежей алмаған ақ халаттыны айыптады. 
Бейнематериалда дәрігер қолындағы құжаттарымен ем қабылдауға барған адамның телефонын ұрғаны, ашумен бір-бірін итергені көрініп тұр. Осы оқиғадан соң емханада қызметтік тексеру жүріп, дәрігер жазаланды.

«Қай кезде де ем алушының іс-әрекеті дұрыс. Медбике өз эмоциясына беріліп, қарсы шыққан. Біз қызметтік тексеру жүргізіп, бөлім меңгерушісіне, мейірбикеге ескерту беріп отырмыз. Медбике мен меңгеруші алдағы алты айда жұмысы үшін қосымша сыйақы ала алмайды. Осы салада 19 жыл бойы жұмыс істеген әрі ешқандай ескерту алмаған дәрігерді бірден қызметтен босату мүмкін емес. Бірақ тәртібін қарап отырамыз»,- деді Ақтөбе қалалық №2 емханасының бас дәрігері Қайырбек Тоқтаров.

Емханада құрылған комиссия кезінде медбикені жұмыстан шығару туралы да ұсыныс айтылған. Бірақ заң бойынша бұған дейін ескерту алмаған, тәртіптік жазаға тартылмаған маманды бірден қызметінен босатуға болмайды.

Айта кетейік, ем қабылдауға келген адамдар дәрігердің қабылдау бөлмесіне отбасымен бірге кіріп кеткен. Бала-шағасымен бөлмеге кірген кезде тәртіптің сақтауын сұрағанымен, олар ескертуге құлақ аспаған.

«Емханаға күніне 1-1,5 мың адам келіп, ем қабылдайды. Таяуда ғана тұрғындармен жұмыс істеу, науқастарды қабылдау туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Медбике де сол жиында болды. Кейде біздің емхана қызметкерлері, кейде ем қабылдаушылар да қателеседі. Медбике бір-бірін танитынын, бірнеше рет кезексіз қабылдағанын жеткізді. Бұл жолы тараптар келісе алмаған»,- деді Қайырбек Тоқтаров.

Фото: pics2.pokazuha.ru

На видео: Мама ребенка сняла скандал на видео и выложила в Интернет. Коллеги говорят: медсестру вывели из себя, оскорбляли, но этого на видео нет. В детской поликлинике №2 скандал: медсестра выругалась и ударила снимавшую её на видео женщину. Что на самом деле произошло между ними, выяснял «Диапазон». В Интернете люди разделились на две группы, одни пишут, что медик не должен вести себя так ни при каких обстоятельствах, другие комментируют, что медсестра добрая, тактичная, а автор поступила неправильно, выложив видео в соцсети, ведь у медсестры есть дети. – Каждый, кто посмотрел видео, сделал свои выводы, – говорит зав­отделением Марина Есетова. – Но оно совершенно не информативное. Пациентка с ребенком давно числятся в нашей поликлинике, она часто обращалась к медсестре. Ольга К. всегда оказывала им помощь, принимала их часто без очереди. В этот день женщина вломилась в кабинет с мужем, ребенком и свекровью. На видео нет начала этой ссоры, она до последнего терпела оскорбления пациентки. В один момент, видимо, терпение кончилось. Медсестра грамотная, ответственная, такого никогда не случалось. Но мы в любом случае осознаем вину и извинились перед женщиной и ее семьей. – Мы собрали комиссию, – рассказывает главврач ГП №2 Каирбек Тухтаров. – Присутствовали юрист, завотделением, врачи и медсестра. Я объяснил ей, что пациент всегда прав. Хотели ее уволить, но по Трудовому кодексу нет оснований для увольнения. Если бы у нее были до этого замечания или выговоры, тогда другое дело. За 14 лет ее работы здесь у нее никогда не было никаких даже мелких замечаний. Это большой проступок, за него медсестра и завотделением уже понесли наказание в виде строгого выговора.

Публикация от ZELLO AKTOBE - OFFICIAL PAGE (@zello.aktobe) Фев 22, 2018 в 1:08 PST

Соңғы жаңалықтар