Ақтөбеде дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Наурыз мерекесінде өңірде 20 әлеуметтік және өндірістік нысан іске қосылады. Бүгін Ақшат, Украинка, Мағаджан, К.Нокин мен Бауырластар ауылдарында дәрігерлік амбулатория және фельдшер-акушерлік пункттері ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде емдеу мекемелері қолданысқа беріліп жатыр. Бұрын ескі ғимараттарда, жалдамалы нысандарда отырып, халыққа медициналық көмек берген дәрігерлер жаңа орындарға көшті.

«Бауырластар ауылында емдеу мекемесін салуға 83 миллион теңге қаржы жұмсалды. Бұл жерде Сазды, Бауырластар ауылының халқына алғашқы медициналық көмек көрсетіледі. Мұнда 5 мың адам тұрады. Емдеу мекемесі күніне 50 адамды қабылдай алады. Жалпы тәжірибелі дәрігер, педиатр жұмыс істейді. Өзгесі кесте бойынша қабылдау жүргізеді»,- деді Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев.

Айта кетейік, өткен жылы мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 21 медициналық емдеу нысананың құрылысы басталды. Қазіргі күні оның 17-сі пайдалануға берілді. Өзгесі сәуір, мамыр айларында іске қосылады. Ауыл тұрғындарын облыс әкімі Бердібек Сапарбаев құттықтап, денсаулық сақтау саласында атқарылып жатқан жұмыстарды атап өтті.

«Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 26 жыл ішінде халықтың денсаулығын сақтауға, осы саланы дамытуға баса назар аударды. Ақтөбе облысында ондаған медициналық мекеме қолданысқа беріліп, медициналық кластер іске асырылып жатыр. Біздің мақсатымыз - ақтөбеліктердің сапалы медициналық көмек алуына жағдай жасау. Ақтөбеліктер шетелден ем іздемей, жергілікті дәрігерлерден көмек алуы тиіс»,- деді өңір басшысы Б.Сапарбаев.

null 

Сонымен қатар, Мәртөк ауданының Родниковка және Қазан ауылдарында балабақша пайдалануға беріліп, Ақтөбеде балаларға арналған батут орталығы ашылды. Мұғалжар ауданының Ембі қаласында мерекеге «Бұжыр батыр» ескерткішінің тұсаукесері өтеді. Ал Мәртөк, Байғанин, Қобда және Шалқар аудандарында кондитерлік және ұн комбинаттары, сұйытылған газ құю бекеті, жол бойындағы сервис нысандары пайдалануға беріліп жатыр.

null null 

Соңғы жаңалықтар