Ақтөбеде дәрігерлер мен науқастар донор болудың маңыздылығын сөз етті

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат -Ақтөбе облысы бойынша 300 адам бүйрегін, 60 адам бауырын ауыстыру отасын күтіп жүр. Бүгін бүйрегін ауыстырғандар мен бүйрегі сыр берген науқастар донор болудың маңыздылығын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеге «Өмір сыйы» республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілдері келді. Трансплантология, донор болудың маңызы туралы айтылған жиынға бүйрегін ауыстырып, қалыпты өмірге қосылғандар мен донор таппай жүргендер қатысты.

«Бірлестік бүйрегі, бауыры жарамсыз күйге түсіп, донордың көмегімен қалыпты өмірге қайта келген, донорды күтіп жүрген адамдардан құралған. Менің де екі бүйрегім ауырып, аппаратқа таңылдым. Кейін сәті түсіп бүйрегімді ауыстырды. Маған мәйіттік донор әдісі пайдаланылды. Қаза болған адамдар басқа адамдарға өмір сыйласа, оның еш жамандығы жоқ деп ойлаймын. Донорларға алғысым шексіз. Біз олардың алдында басиеміз»,- деді республикалық қоғамдық бірлестік президенті Сандуғаш Орынбаева.

Оның сөзінше, науқастарға көбіне бауырлары донор болады. Кейде туған-туыстары келісімін беріп жатады.

«Донор табу өте қиын. Мен екі рет сол мүмкіндіктен айырылып қалдым. Атырауда тұрамын, жол қашық, Ақтөбеге жете алмадым. Биыл аппаратқа таңылғаныма төрт жыл болды. Өте қиын. Біз сияқты науқас адамдар үшін өмір сүрудің жалғыз жолы донор табу болған соң бұл мәселеде адамдардың кең болғанын қалаймыз»,- деді науқас Ринат Сәбиев.

Айта кетейік, Ақтөбеге арнайы келген Ұлттық трансплантацияны үйлестіру орталығының директоры Жақсылық Досқалиев тілшілермен кездесуінде еліміз бойынша 2016 жылы мәйіттік донордың көмегімен 16 адамның дене мүшесі ауыстырылғандығын, биыл 11 адамға бүйрек, бауыр ауыстыру отасы жасалғанын айтты. Ал тірі донордың көмегімен 2016 жылы 248 адамға ота жасалды. Қазіргі кезде 3500-ден астам адам донор күтіп жүр.

Соңғы жаңалықтар