Ақтөбеде бір жасар бала 6 қабаттан құлап кетті

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде 1 жастағы бала 6 қабаттан құлап кетті. Анасы оны Қарғалы қалалық ауруханасына өзі апарған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қарғалы қалалық емханасынан шақырту түсіп, біз жедел жеттік. Дәрігерлер барған кезде баланың өлімін ғана тіркеді. Жарақаты ауыр болған. Емхана дәрігерлерінің айтуынша, кішкентай баланы анасы жеткізген. Бала 6 қабаттан құлап кеткен», - деді қалалық жедел жәрдем бекетінің дәрігер-сарапшысы Әлия Абдуллаева.

Айта кетейік, оқиға түс кезінде болған. Бала емханаға жеткенше көз жұмған. 

Соңғы жаңалықтар