Ақтөбеде бір күн бойы із-түзсіз кеткен екі оқушы үйлеріне өздері оралды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде жоғалған екі оқушы қыдырып, қараңғы түскенде саяжайлардың біріне түнеп шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе қаласында екі оқушы жоғалып, бір күн бойы іздеу жұмыстары жүрді.

Кешке кешкілік табылған екі бала ата-анасына айтпай, қыдырып кеткен.

«Екі оқушы кеше сағат 22:00-де табылды. Олар бір күн бойы қыдырып, кеш батқан кезде далада жүруге қорыққан. Сол күні Ақжар ауылындағы саяжайлардың бірінде орналасқан үйде түнеп шықты. Бір күннен соң үйлеріне келе жатқан жерінен табылды»,- деді Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Айта кетейік, екі бала үйден үнсіз кетіп қалатын жасөспірімдер тізіміне енгізілді. Полиция қызметкерлері əңгіме жүргізіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар