Ақтөбеде аудан әкімдігі су тасқыны кезінде зардап шеккен отбасына пәтер сыйлады

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Көктемгі су тасқыны кезінде зардап шеккен отбасыға Қарғалы ауданы бір бөлмелі пәтер сыйлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе қаласындағы су тасқыны кезінде зардап шеккен отбасыларға аудандар да көмек көмектесіп жатыр. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың тапсырмасына орай Қарғалы ауданы бір отбасыға пәтер кілтін табыс етті. Аудан әкімі Рахат Сыдықов қала тұрғыны Нұрсұлтан Тоғызбаев мен Лиза Құсайынованың отбасын қуантты.

«Лиза Құсайынова үшінші топ мүгедегі. Тоғызбаевтар отбасының төрт баласы бар. Бәрі ержетіп, ата-анасынан бөлек тұрады. Ең кенжесі 20 жаста екен. Қазіргі күні екеуі де жұмыс істейді. Отағасы «Таза қала» ЖШС-де, ал Лиза Құсайынова қаладағы жоғары оқу орындарының бірінде еден жуушы болып жүр. Сонымен қатар, су тасқыны кезінде зардап шеккен 10 отбасыға құрылыс материалдарын алу үшін қаржылай көмек берілді»,- деді Қарғалы ауданы әкімінің орындасары Ізгілік Тынымгереев.

Айта кетейік, су тасқыны кезінде зардап шеккен отбасыларға осы ауданның «Степной» және «Атамекен нан» ЖШС-і де көмектесті. Ал Ақтөбе облысы бойынша Мұғалжар, Темір аудандары бір-бір отбасыға пәтер табыс етті.

null

Соңғы жаңалықтар